«АУЫСПАЛЫ СЫНЫП ПЕН   ПАЦИЕНТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ТӘСІЛІН БІРІКТІРУ: FOR21 ТӘЖІРИБЕСІ»

атты конференцияға дейінгі шеберлік сабағы 

    2023 жылдың 19 сәуірінде Симуляциялық білім беру технологиялар орталығында және КеАҚ ҚМУ коммуникативті құзыреттілікті дамыту орталығында  «Болашақтың білімі: өзгерістер лебі»  медициналық білім беру бойынша VI Орталық  Азия  халықаралық  ғылыми – практикалық конференциясы шеңберінде  FOR21  жобасы серіктестерінің   қатысуымен «Ауыспалы сынып пен   пациентке бағытталған оқыту тәсілін біріктіру: FOR21 тәжірибесі» атты шеберлік-сабағы болып өтті.

      Шеберлік-сабағы білім алушыларда коммуникативтік дағдыларды дамытуда алған тәжірибелерін тарату мақсатында: биомедициналық технологиялардың кандидаты (Греция), ғылыми қызметкер Анастасия Родина-Теохараки «21 ғасыр дәрігерінің құзыретін қалыптастыру: пациент-орталықтандырылған қарым-қатынас дағдыларын оқыту» баяндамасымен, Салоникидегі (Греция) Аристотель университеті медицина факультетінің клиникалық / медициналық физика және цифрлық инновациялар зертханасының зертханашысы, медицина ғылымдарының докторы Элени Дафли «Ауыспалы сынып» баяндамасымен, FOR21 жобасының зерттеушісі (Алматы, Қазақстан Республикасы ҚазҰМУ) Багиярова Фатима Арыстановна «Виртуалды пациентке арналған бейнені жасау және бейімдеу туралы ақпарат» баяндамасымен, ҚазҰМУ (Алматы, Қазақстан Республикасы)  FOR21жобасының зерттеушісі Мадалиева Санам Хакимовна «Эрасмус+ FOR21 жобасына қатысатын студенттердің кері байланысының нәтижелерін сапалы талдау» баяндамасымен және Ташкент медицина академиясының «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының ассистенті, Самарканд Мемлекеттік Медицина Университетінің Коммуникативті құзыреттілікті дамыту Орталығының директоры,  FOR21 жобасының зерттеушісі Бабамурадова Заррина Бактияровна «21 ғасырдағы дәрігерді тәрбиелеу: пациентке бағытталған коммуникацияны оқыту. Ташкент медицина Академиясының және Самарканд Мемлекеттік Медицина Университетінің тәжірибесі» баяндамасымен қатысты.  

    Шеберлік-сабағының модераторлары ретінде FOR21 жобасының зерттеушісі КеАҚ «ҚМУ» «Неврология, нейрохирургия, психиатрия және оңалту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мациевская Лариса Леонардовна,  КеАҚ «ҚМУ» симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының бас маманы Аимбетова Динара Булатовна және FOR21жобасының маманы, әрі координаторы Цай Наталья Владимировна Өзбекстанның және Салоникидегі  (Греция) Аристотель университеті медицина факультетерінің серіктестеріне арнап сөз сөйледі.

     КеАҚ «ҚМУ»  симуляциялық және білім беру технологиялары  орталығының практикалық дағдылар жаттықтырушысы,  FOR21 жобасының тьюторы  Халмурадова Сымбат Ержановна «Ауыспалы сынып» әдіснамасын қолдана отырып виртуалды пациенттің кейстерін  студенттер-мен бірлесе отырып  көрнекі түрде практикалық сабақты көрсетті. Шеберлік-сабағы онлайн және офлайн форматта өткізілді. Офлайн режимде КеАҚ «Семей медицина университеті»  және КеАҚ  «Қарағанды медицина университеті»   оқытушылары, онлайн режимінде FOR21 консорциумы елдерінен 30-дан астам тыңдаушылар, сондай-ақ Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Шеберлік-сабағында  FOR 21 жобасын іске асыру тәжірибесі ұсынылып, клиникалық кейстерді оқыту мен әзірлеудегі артықшылықтар мен қиындықтары талқыланды.  Көптеген басқа ЖОО оқытушылары осы оқыту әдістемесіне үлкен қызығушылық танытты.